Экономика • 06 Мамыр, 2020

Мұнай бағасы жетінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

1520 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әзірге ішкі-сыртқы нарық бұл қымбатаудың қашанға дейін  жалғасатынын білмей, іштен тынып  тұр.

Мұнай бағасы жетінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

1 мамырдан бастап мұнай өндіруді шектеу туралы ОПЕК + келісімі күшіне енгеннен кейін Brent эталонының бағасы 5 доллардан астам қымбаттады. Бүгін таңертең өткен  аукционда Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 31,01 долларға дейін өсті, ал WTI құны барреліне 24,58 долларға дейін көтерілді.

Жалпы, 28 сәуірден 5 мамырға дейін Солтүстік теңіздегі эталондық мұнай бағасы 10 долларға қымбаттады.

Сарапшылар шикізат бағасының оң динамикасын  экспорттаушы 23 елде мұнай өндірісін тәулігіне 9,7 млн ​​баррельге қысқарту туралы 1 мамырдағы ОПЕК + келісімінің күшіне енуіне байланысты болуы мүмкін  деп болжап отыр. Себебі соңғы жеті күндегі жағдай нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалпына  түсіп келе жатыр деген батылырақ  айтуға болады.   Сонымен қатар, жақында «Шеврон», «ЭксонМобил» және басқа да ірі мұнай өндірушілер фьючерстер бағасына жағымды әсер етуі мүмкін биылғы жылы өндірісті қысқарту туралы жоспарларын жариялады.

«Goldman Sachs мұнайға әлемдік сұраныстың біртіндеп қалпына келуін күтіп, 2021 жылы WTI маркалы мұнай бағасының барреліне 48,50 доллардан 51,38 долларға дейін көтерді»  деп жазады Oilprice ақпараттық порталы.

Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде ОПЕК + аясында мұнай экспорттаушы елдер осы жылдың мамыр-маусым айларында өндірісті тәулігіне 9,7 млн ​​баррельге қысқарту туралы келісім жасасты. Келесі жартыжылдықта өндірістің келісілген төмендеуі 7,7 миллионға жетеді, әрі қарай, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін күнделікті төмендеу 5,8 миллион баррельге дейін азаяды.

Қазақстан өндірісті өткен жылдың қазан айында күшіне енген 1,7 миллион баррель деңгейінен тәулігіне 390 мың баррельге азайтуға міндеттеме алды.