Ал бағалар мәселесінде тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы наурыз айында 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 102,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 3,3%, азық-түлік емес тауарларына - 1,4%, ақылы қызметтер - 2,9%-ға өсті.
Ағымдағы жылдың наурыз айында нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 1%, макарон өнімдеріне - 0,4%, ет пен құсқа - 0,9%, шұжықтар, еттен дайындалған өнімдерге - 0,8%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,4%, сүт өнімдеріне - 0,7%, жеміс-жидектер мен көкөністерге - 5%, алкогольсіз сусындарға - 1,8%, алкогольді сусындар, темекі өнімдеріне - 0,3% қымбаттады.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға - 1,7%, құмшекерге - 0,9% белгіленді.
Киім мен аяққиімге - 0,9%, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техниканың бағасы - 1%-ға қымбаттады. Денсаулық сақтау қызметінің тарифы - 0,3%-ға, көлік қызметі - 20,1%-ға, демалыс және мәдениет - 0,4%-ға өсті. Ағымдағы жылдың наурыз айында Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 36150 теңгені құрады.