Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Көкшетауда мобильді зертхана жұмысын бастады

12 реткөрсетілді

Ең бірінші кезекте тегін тестілеуден қауіптілігі жоғары деп саналған азаматтар өтеді.

Облыс орталығының тұрғындары  коронавирусқа тест тапсыра алады. Қалада биоматериалдарды жинауға арналған мобильді бекеттер жұмыс істей бастады. Тестілеуге келгендер ең алдымен жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, тіркеуден өтеді. Экспресс-тест – бұл бірнеше реактивтер қолданылатын ішкі сынақ жолағы бар бір реттік пластикалық құрылғы. Сараптама үшін алдымен саусағыңыздан қан алынады. Тестілеуден өткіңіз келсе алдымен cdl.kz сайтына кіріп, өтініш қалдырасыз. Сонымен қоса тиісті формада оны толтыруыңыз қажет. Одан соң сізбен лабораторияның операторы хабарласып, келетін мерзіміңізді белгілейді. Айта кетейік, өз тілегіңізге қарай ақылы түрде өтуіңізге де болады. Бірақ бағасы арзан деп айтуға келмейді. 19220 теңге, оған биоматериалды алуға төлейтін 540 теңгені қосыңыз. Экспресс-тесті тапсырғаннан кейін сол күні сіздің ұялы телефоныңызға смс-хабарлама немесе электронды почтаңызға тестілеудің қорытындысы туралы анықтама келеді. 

Денсаулығыңыздан қымбат ештеңе жоқ. Оған қоса өзгенің де амандығын ойлаған жөн.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар