Экономика • 06 Мамыр, 2020

Қазақстанда инфляция деңгейі 3,2% құрады

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы төрт айда (2020 жылғы сәуір 2019 жылғы желтоқсанға) – 5,5%, азық-түлік емес тауарларына – 1,7%, ақылы қызметтерге 1,5% жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Қазақстанда инфляция деңгейі 3,2% құрады

Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы сәуір 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі көкөністерге – 24,9%, құмшекерге – 13,6%, жемістерге – 12,5%, жармаларға – 8,4%, сары майға – 6,1%, қой етіне – 5,4%, макарон өнімдеріне, жылқы етіне, сиыр етіне – 4,9%-дан, ет өнімдеріне – 4,8%, ұнға – 4,2%, мұздатылған балыққа – 4,1%, мәйекті ірімшікке – 3,7%, пастерленген сүтке – 3,2%, шошқа етіне – 2,9%, сүзбеге, шұжық өнімдеріне – 2,8%-дан, қышқыл сүт өнімдеріне – 2,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 2,3%, шайға – 1,9%, нанға 1,7% белгіленді. Темекі өнімдері – 4,7%, минералды және ас су – 3,4%, салқындатылған сусындар 2,3% қымбаттады. Бағаның төмендеуі күрішке – 2,5%, сөкке 1,3% тіркелді.

Баға өсімі дәрі-дәрмекке – 4%, жеке қолданылатын тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,8%-дан, автомобильдерге – 2,6%, тұрмыстық аспаптарға 2,2% құрады. Бензин 4,1% қымбаттады, ал дизель отыны 2,2% арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 10%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 1,9%, денсаулық қызметтеріне 1,5% өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2% жоғарылады. Қалалық көлігімен (такси) жол жүру ақысы 4,2% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға 6,2% өсті, ал кәрізге – 2,7%, суық суға 1,8% төмендеді.