21 Қыркүйек, 2013

Сирия химиялық қаруын кез келген елге бере алады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Башар Асад-1

Сирия химиялық қаруға байланысты қойылған барлық шарттарды орындауға және оны кез келген елдің қарауына беруге қарсы емес. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асад «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды "ТоpNews.ru" сайты.

Башар Асад өзінің сұхбатына Сирия химиялық қаруын қарауына алып, оны жоямын деген кез келген елге, тіпті, АҚШ-қа да беруге дайын екенін жеткізді.

«Егер АҚШ үкіметі біздің химиялық қаруларымыздың өтем ақысын төлеп, оның барлық жауапкершілігін өз мойындарына алатын болса, беруге қарсы болмаймыз» – деді Башар Асад.

Сирия жетекшісінің айтуына қарағанда, елдегі химиялық қаруларды жою үшін 1 миллиард доллар және бір жылдай уақыт керек.

Башар Асад сұхбат барысында Ресейдің дипломатиялық қолдауына жоғары баға берді.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23