Спорт • 06 Мамыр, 2020

Алексей Луценко виртуалды «Джиро д'Италия» веложарысына қатысады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 6 мамыр күні виртуалды «Джиро д'Италия» веложарысының алтыншы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алексей Луценко виртуалды «Джиро д'Италия» веложарысына қатысады

«Astana Pro Team» командасы сапыннан бүгін жарыс жолына Алекцей Луценко мен Якоб Фульсанг шығады. Алтыншы кезең 31,5 км қашықтықтан тұрады.

Айта кетерлігі, осыған дейінгі бес кезең нәтижесі бойынша «Астана»  велокомандасы көш бастап тұр. Екінші орынға Team Jumbo-Visma командасы жайғасқан. Ал Androni Giocattoli – Sidermec командасы үздік үштікті қорытындылауда.

Қазақстандық Алекцей Луценко виртуалды «Джиро д'Италия» веложарысының бірінші кезеңінде жеңімпаз атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар