Тағайындау • 06 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

2029 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Оспанов Жақсылық Әбдімәлікұлы тағайындалды. 

Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Жақсылық Әбдімәлікұлы 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген.  Еңбек жолын Жаңақорған аудандық спорт клубының жаттықтырушысы ретінде бастаған. 

1996 жылдан бүгінге дейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында қызмет етті.

Әр жылдары жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болды. 2016 жылдың маусым айынан осы кезге дейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.