Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Өңір өнеркәсібінде өсім бар

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде COVID-19-дың салдарынан көптеген ірі кәсіпорынның қызметі тоқтап, оның өнім өндіру көлемі кеміп кетті. Алайда бұл жағдайдың еліміздің ірі өнеркәсіптік орталығы – Ақтөбеге қатысы жоғын сеніммен айта аламыз. Өйткені облыстағы барлық кәсіпорын мен зауыт санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жұмыс қарқынын төмендетпеді.  

Өңір өнеркәсібінде өсім бар

Пандемия кезінде мұндағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәрі бірдей тұрып қалса, бұдан келетін шығындар астрономиялық деңгейге көтеріліп, триллионға табан тірейді.

Мұндай жағдайға жол бермес үшін облыстық жедел штаб өкілдері өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін басты назарға алды.

Айта кетерлігі, өткен айларға жүргізілген талдау қорытындылары бойынша аймақта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104 пайызға өсіпті. Бұл жөнінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне  мәлімдеді.