Экология • 06 Мамыр, 2020

Елімізде киіктер төлдей бастады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ даласында киіктер төлдей бастады. Бұл жөнінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік парақшасында хабарлап, құралайлардың суретімен бөлісті.

Елімізде киіктер төлдей бастады

«Бүгінгі күнді сүйінші сұраудан бастағым келеді. Бірнеше күн бұрын киіктер төлдей бастады. Назарларыңызға жаңа туған құралайлардың суреттерін ұсынамын. Тұқым жалғастыру – әрбір тіршілік иесі үшін маңызды кезең», – дейді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, киіктер жыл сайын мамыр айының басында төлдейді. Бұл кезең бірнеше аптаға ғана созылады екен.  

«Киіктер төлдегенде ауа райы бұзылып, жел тұрады. Халқымыз бұл уақытты «Құралайдың салқыны» деп атайды. Төлдеу кезінде киіктің еркегі оларды айнала жүріп, жыртқыштардан қорғайды. Ал Охотзоопромның инспекторлары мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық департаменттері киіктерді браконьерлерден қорғайды», – деп жазды комитет өкілі.