Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Шымкенттен Мақтааралға 10 су сорғыш техника көмекке жіберілді

30 реткөрсетілді

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттіктер де көмек көрсетуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкенттен Мақтааралға қосымша 10 су сорғыш техникасы жіберілді.

Айта кетерлігі, бүгін таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша арнайы және қосалқы техникалар мен жеке құрам жіберілген болатын.

Көмекке жіберілген техникалардың ішінде АСО 20,  АЦ – 2, УАЗ маркалы 4 техника,   МП-100 маркалы 6  мотопомпа бар.

Мақтаарал ауданындағы су басу жағдайына байланысты 2020 жылғы 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 адам жеке құрам, 8 техника, 1  квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемелі қайық) 2-ші эшелон есебімен жолданды. Осы аралықта құтқарушылар аудандағы су басқан елдімекендерде 70 адамды, олардың мүліктерін қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, ірі және ұсақ малдарды құтқарды.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдары тарапынан 4 мамыр күні Мақтаарал ауданына инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 30 арнайы техника жіберілген.

 

Шымкент 

Соңғы жаңалықтар

Қызылжарда 75 көше жөнделеді

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Қапшағай қаласының әкімі ауысты

Аймақтар • Бүгін, 17:20

Жігіттің жақсысы

Руханият • Бүгін, 16:21

Эрик Кантона көш бастап тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:16

Ұқсас жаңалықтар