Экономика • 06 Мамыр, 2020

Сәуір айында тіркелген көліктер саны күрт азайған

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы сәуір айдағы автокөлік құралдарын тіркеу көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға қысқарған.

Сәуір айында тіркелген көліктер саны күрт азайған

«ҚазАвтоПром» таратқан мәліметке сүйенсек, биыл есепке қойылған көлік құралдарының саны 3,3 мың бірлікке жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 38,8 пайыз төмен. Оның ішінде 3 мың бірлік қайталама нарықта қайта сатылған көліктер. Сонымен қатар, қаңтар-сәуірде 318,4 мың бірлік көлік есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 29,7% - ға кем.

Алғашқы тіркелетін көлік құралдарының үлесі 21,9 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,7% -ға кем. Сонымен қатар төрт ай ішінде 11 электромобиль тіркелген.

Сонымен қатар есепті кезеңде қайта тіркелген көлік құралдарының үштен екісі (69%) қолданылғанына 10 жылдан асқан көліктер.

Ең үлкен үлеске 20 жастан асқан көлік құралдары (43% немесе 127 570 бірлік), 11 жастан 20 жасқа дейінгі – 25,9% (76 941 бірлік), төрт жастан жеті жасқа дейінгі – 16,8% (49 759 бірлік), сегіз жастан 10 жасқа дейінгі – 9,7% (28 868 бірлік), бір жастан үш жасқа дейінгі – 4,4% (13 102 бірлік),қолданылғанына 1 жылға толмаған көлік үлесі – 0,1% (331 бірлік) құрайды.