Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 63 миллиардтан астам теңге аударды

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша медициналық сақтандыру қорына шамамен 319 миллиард теңге түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы филиалының өкілдері хабарлады.

Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 63 миллиардтан астам теңге аударды

«Барлық қаражаттың бестен бірі Алматыға тиесілі. Жалпы, 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 сәуірі аралығында Алматыдан МӘМС бойынша түсімдердің жалпы сомасы 1 миллион 650 мың адамға 63 миллиардтан астам теңгені құрады. Табыстың негізгі бөлігі немесе 56,7 млрд теңгеден астамы - жұмыс берушілердің жарналары, қалған 6,6 млрд теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жұмыс жасайтын жеке тұлғалардың салымдары»,  деді филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаева.

Сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлемді  төлеушілердің 85 мыңнан (2020 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген) бүкіл Қазақстан бойынша 1,8 миллион азаматқа дейін өсуі байқалады. Алматыда бұл көрсеткіш 10 мыңнан 165 мың адамға дейін өсті. Бұл табысы жоқ және ресми жұмыс істемейтін азаматтардың жәрдемақы алу үшін төлем жасағанымен байланысты.

Осылайша, 2019 жылдың басынан бастап 165 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтыған алматылықтар өздері үшін 210 миллион теңге төледі.