Биыл аймақта тұңғыш рет онлайн режімде «Қаһарман ұлт» акциясы өтеді. Шара аясында 9 мамыр күні сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін «Қазақстан-Қостанай», «Алау», «Қостанай кабельді жүйесі» телеарналары арқылы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің фотосуреттері көрсетіледі. Акцияға ат салысқысы келетіндер майдангер аталарының көлемі 3*4 см болатын фотосуретінің астына ардагердің аты-жөнін жазып жіберуі керек.
«Қаhарман ұлт» акциясына қатысушылардың фотосуреттері бүгіннен бастап 9 мамыр сағат 11.30-ға дейін Whatsapp 8-701-941-75-75 нөмірі арқылы қабылданады.
Сондай-ақ полиция департаменті 9 мамырда Жеңіс саябағында тәртіп күшейтілетінін ескертеді. Бұл күні саябаққа шығып дастарқан жайып, ішімдік ішкен тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полиция зейнеткер қарияларға да денінің саулығын күтіп, үйде отыруға кеңес береді.
Биыл Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік шаралар жыл бойы өтетін болады, - деп хабарлады Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы.
Қостанай облысы