Қоғам • 06 Мамыр, 2020

E-SHANYRAQ: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін цифрлау жұмыстары басталды

118 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

E-SHANYRAQ жобасын іске асырудың негізгі мақсаты - тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым мониторингі мен басқару процесін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде тұрғын үй қоры және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері қызметінің жеделдігін, тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған құрал құру. Демек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың барлық саласы үшін бірыңғай цифрлық экожүйе жасақтау. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

E-SHANYRAQ: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін цифрлау жұмыстары басталды

Қазіргі уақытта тұрғындар, ПИК/МИБ, ТМС, коммуналдық қызметтерді жеткізушілер, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын дамытудағы өзара іс-қимылында біршама қиындықтар туындап отыр.

Оларды жою және жобаны іске асыру мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығымен Ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған жинау және сақтау қағидалары бекітілді. Оның шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласына қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл процесі регламенттелді.

Аталған қағидаларға сәйкес «ТКШ дамыту орталығы» ТКШ саласында орталықтандырылған ақпарат жинауды қамтамасыз етеді және одан әрі өңдеп, талдау үшін «Е-Shanyraq» ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ. ТКШ ақпараттандыру объектілеріне техникалық және функционалдық сипаттамалар белгілейді.

Қазір ТКШ ақпараттандыру объектілеріне техникалық және функционалдық сипаттамалар жүйесі бойынша техникалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Е-Shanyraq»-ты жүзеге асыратын жеткізушіні анықтау үшін жүйені түрлі жеткізушілермен жүзеге асырудың баламалы нұсқалары қарастырылады.

Өз кезегінде жоба аясында биыл екінші жартыжылдықтың соңына дейін келесі жұмыстар жүргізіледі:

- «Е-Shanyraq» ақпараттық жүйесінің функционалын әзірлеу;

- ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне және «Е-Shanyraq» ақпараттық жүйесінің сапасына сынақтар жүргізу;

- «Е-Shanyraq»-тың ТКШ саласындағы ақпараттандыру объектілерімен интеграциялануын қамтамасыз ету;

- «Е-Shanyraq»-тың «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен интеграциялануын қамтамасыз ету;

- «Е-Shanyraq»-ты өнеркәсіптік пайдалануға енгізу.

Жобаны іске асыру:

- тозған тұрғын үйді жөндеуді қаржыландыру болжамдарын (бағалау) жылдар бойынша жүргізуге;

- көппәтерлі тұрғын үйлердің саны, техникалық жағдайы бойынша нақты мәліметтер алуға;

- жалпы үйге ортақ есептеу құралдарымен «аспаптандыру» есебінен тариф құрудың айқындылығын көрсетуге;

- электрондық есеп жүйелерімен интеграциялау есебінен қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.