«Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Президенті жариялаған «Еріктілер жылы» аясында халықтың аз қамтылған топтарына жан-жақты көмектер көрсетіліп жатыр. Бүгін көрсетіліп жатқан көмек - соның бір айғағы. Жалпы көлемі 1200 тоннаға тең азық-түлік жиынтықтары еліміздің барлық аймағында таратылатын болады. Осылайша, ел кәсіпкерлері қиын сәтте көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, әлеуметтік жауапкершілігін танытып отыр. Бұл өсер елдің белгісі.
Азаматтарға қала тұрғындарының атынан алғысымызды білдіреміз», - деді қала әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров.
Көп балалы аналар да демеушілерге шынайы алғыс арнады. Әлеуметтік себеттерді әр отбасына еріктілер жеткізіп береді.́
Қостанай облысы