Спорт • 06 Мамыр, 2020

Велоспорт: «Тур де Франс» веложарысы қыркүйекте өтеді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы спорт күнтізбесіне өзгерістер енгізеді.

Велоспорт: «Тур де Франс» веложарысы қыркүйекте өтеді

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, індетке байланысты UCI WorldTour мен UCI Women's WorldTour жарыс кестесінде көп өзгеріс орын алған. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып UCI  15 сәуір мен 1 тамызға дейінгі барлық жарысты тоқтатуды құп көрген. Халықаралық федерация ұсынған жарыс кестесі 1 тамызда «Страде Бьянке» веложарысымен басталып, 31 қазанда «Джиро ди Ломбардия» додасымен аяқталады.

Жаңа күнтізбенің толық тізімі мынадай:

 5-9 тамыз — «Тур Польша»,

8 тамыз— «Милан — Сан-Ремо»,

12-16 тамыз— «Критериум Дофине»,

16 тамыз — Prudential RideLondon-Surrey Classic,

25 тамыз — «Бретань Классик»,

29 тамыз — 20 қыркүйек — «Тур де Франс»,

20-27 қыркүйек — шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты,

7-14 қыркүйек — «Тиррено — Адриатико»,

11 қыркүйек— «Гран-при Квебек»,

13 қыркүйек — «Гран-при Монреал»,

29 қыркүйек — «Бинк Банк Тур»,

30 қыркүйек — «Флеш Валлонь»,

3-25 қазан — «Джиро д’Италия»,

4 қазан — «Льеж — Бастонь — Льеж»,

10 қазан— Amstel Gold Race,

11 қазан — «Гент — Вевельгем»,

14 қазан — «Дварс дор Фландерен»,

15-20 қазан — «Тур Гуанся»,

18 қазан — «Тур Фландрия»,

20 қазан — 8 қараша — «Вуэльта Испания»,

21 қазан — «Үш күні де-Панне»,

25 қазан — «Париж — Рубе».