Қоғам • 01 Мамыр, 2020

Тегін рецептімен берілетін дәрілер тізімі анықталды

11 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында биылғы үш айда 3 айда 1,7 млрд теңгеге жуық сомасында 167 210 тегін рецепт берілген. Ал 30 сәуірдегі жағдай бойынша 2,5 млрд теңге сомасына 245 296 тегін рецепт таратылған. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов айтты.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, елордалық филиал нормативтік-құқықтың актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға берілген тапсырыстарды амбулаториялық деңгейде келіседі. Дәлірек айтсақ, бас қала тұрғындарын тегін рецептімен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету емханалар жанындағы дәріханалар арқылы жүзеге асырылады, яғни  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар»СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьютормен жасалған шарт бойынша алдымен дәріханаларға келіп түседі. Нұр-Сұлтан қаласында рецептімен дәрі үлестіретін 33 медициналық ұйым дәріханасы бар. Бұл жолы да филиал мен емханалар тегін берілетін дәрілердің тізімін келісті.

Жалпы тегін емес жеңілдікпен дәрі бөлінетін белгілі бір ауру түрлері бар. Оның бірі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында диспансерлік есепте тұратын азаматтарға 34 ауру түрі бойынша беріледі. Мысалы, қант диабетіне шалдыққан сырқаттарға қант мөлшерін түсіретін таблетка түріндегі препараттар, инсулиндер және медициналық бұйымдар тегін беріледі.

Сондай-ақ ересектерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 41 ауру түрі бойынша дәрі-дәрмектер тиесілі. Атап айтқанда, бастапқы өкпе гипертензиясы, темір тапшылығы анемиясы, акромегалия, реактивті артрит, Паркинсон ауруы, псориаз сынды сырқатпен ауыратындар дәріні тегін ала алады.

Ал балаларға протозойлы аурулар, гельминтоздар, қышыма, целиакия, ерте жыныстық даму, рахит, шашыраңқы склероз секілді бас-аяғы 65 ауру түріне дәрі әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін беріледі.  

Сонымен қатар, медициналық және әлеуметтік көрсеткіштері бойынша бір жасқа дейінгі сәбилері бар аналар да қажет болған жағдайда ана сүтін алмастыратын сүт қоспаларын тегін ала алады.

Тегін рецепт туралы пациенттер өзі тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден біле алады. Емделушілерге тегін дәріні беру жөніндегі шешімді дәрігер қабылдайды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Соңғы жаңалықтар

Азияда COVID-19-дан өлім неге аз?

Коронавирус • Кеше

Ұқсас жаңалықтар