Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

COVID-19: Жетісуда тағы 13 адамнан жұқпалы індет белгісі табылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны азаймай тұр. Бүгін жұқпалы індет жұқтырған тағы 13 адам анықталды.

COVID-19: Жетісуда тағы 13 адамнан жұқпалы індет белгісі табылды

Жаңадан анықталған науқастар Іле, Талғар, Кеген және Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары екен. Ал осы сәтке дейінгі дертке шалдыққандар саны 176 адамға жетіп, оның ішінде 40 науқас оңалғандар қатарына қосылған.

- Вирус жұқтыру дерегі Іле, Талғар, Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелді. Бүгін ауырған он адам бұған дейін  коронавирус жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған. Ал үш тұрғыннан скринингтік тексеру барысында инфекция анықталды. Науқастардың бәрі оқшауланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінң баспасөз қызметі.