Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Әзірге Ертістің суынан қауіп жоқ

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірге Шығыстағы Шүлбі су қоймасынан табиғатты қорғау мақсатында су  жіберу кезеңі жүргізілуде.

Әзірге Ертістің суынан қауіп жоқ

- Биыл да Шүлбі су қоймасынан  14-ші сәуірден 10-шы мамырға дейін  су жіберіледі. Су жайылудың жалпы көлемі 6 шақырымды құрайды,- дейді   облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бастығы Қадылжан Сәтиев

Ертіс өзеніне су жіберу кезінде ауылдарға  тасқыны қаупі аз. Дегенмен де, сақтықта қорлық жоқ, қазір күні-күні өзен бойында 14 гидрологиялық бекеттің  мамандары  су деңгейін тәулік бойы өлшеп, тексеріп, бақылауда.

Ал, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов бастаған қызметкерлер, су мамандары  Ертіс өзенінің су басу қаупі бар аумақтарды аралап, сақтық шараларының барысымен танысуда.  

1

Ақсу қаласы, іргелес орналасқан кент жанындағы қорғау бекеттерін, дамбалар тексерілді.

Сонымен бірге, Ернұр Өтегенов пен қала әкімі Балғабай Ыбыраев су басу қаупі бар ауыл тұрғындарымен кездесті.

Қазір қала аумағына қарасты ауылдар айналасы жылда  суға толып кететіндіктен, инертті материалдар толы қапшықтар қойылып, су ағынынң деңгейін бақылау үшін өлшеуіш сызғыштар да орнатылуда.

2

Сондай-ақ, Ертіс  өзеніне салынған «Нұрлы жол»  көпірінің автомобиль жолы бойындағы  су өткізетін реттеуіш шлюз тұрақты бақылауда.

Кенжекөл ауылы, Ленин кентінін  Ертіс өзенінің тасуынан сақтайтын қорғаныс қабаттары дайын.

ПАВЛОДАР

3