Экономика • 07 Мамыр, 2020

Қазақстандағы депозиттерді қорғау жүйесі әлемдік стандарттармен деңгейлесті

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) салымшылар шоттарының 99,8%-ын толық көлемде кепілдендіреді. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстандағы депозиттерді қорғау жүйесі АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ елдері, Корея және Жапониямен деңгейлес қатар келеді. Бұл туралы бізге ҚДКБҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандағы депозиттерді қорғау жүйесі әлемдік стандарттармен деңгейлесті

Қор кепілдік өтемақылардың қаржыландырылатын негізде төленуін қамтамасыз ету үшін негізінен кепілдік жүйесіне қатысатын барлық банктердің тоқсан сайынғы жарналары есебінен арнайы резерв құрылатынын түсіндірді. Қазіргі уақытта ҚДКБҚ жарғылық капиталы мөлшерінің 70%, таратып айтқанда   619 млрд теңге, арнайы резервте 509 млрд  теңге жинақталған. «Халықаралық стандарттарға сәйкес салымшыларды қорғау жүйесінің резервтері күтілетін шығындар деңгейіне сәйкес келуі керек және ірі банктердің немесе бүкіл қаржы жүйесінің депозиттік базасын қамтымауы керек. Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында талап етілгеннен жоғары, барлық кепілдендірілген салымдар сомасының кем дегенде 5% құрайды», дейді  ҚДКБҚ хабарламасында.

Сондай-ақ, халықаралық тәжірибеде депозиттерге кепілдік беру (сақтандыру) қорларында салымшыларды қорғаудың басқа құралдары бар екендігі белгілі.  ҚДКБҚ – депозиттерге кепілдік беру жүйелерінің халықаралық қауымдастығының мүшесі бола отырып, проблемалы банктермен жұмыс істеудің бірқатар механизмдерін ұсынды.

Осы тетіктердің бірі – активтер мен міндеттемелерді басқа банкке немесе депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге беру. Бұл өз кезегінде кепілдік өтемақыны төлеуді және сәйкесінше ҚДКБҚ резервтерін пайдалануға жол бермейді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған бағалар қазіргі жағдайда арнайы резерв жеткілікті екенін көрсетеді. Арнайы резервтің тапшылығы екіталай болған жағдайда, ҚДКБҚ Ұлттық Банкке көмек сұрай алады.

«Жоғарыда айтылғандардың бәрі екінші деңгейдегі банктердің жұмысына теріс сценарийлер туындаған жағдайда Қазақстанның барлық тұрғындарын қорғауға бағытталған салымшыларды қорғау жүйесінің тұрақтылығын көрсетеді»,  делінген ҚДКБҚ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру жағдайы туындаған кезде ҚДКБҚ кепілдік өтемді депозиттік қалдық сомасында төлейді, бірақ ұлттық валютадағы жинақ салымдары үшін 15 миллион теңгеден, теңгемен басқа депозиттер үшін 10 миллион теңгеден, шетел валютасындағы 5 миллион теңгеден аспайды.