Қоғам • 07 Мамыр, 2020

Банктер экономикаға 168 миллиард теңге несие берді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, контрциклдік қадағалау саясаты аясында 2020 жылдың 30 наурызы мен 30 қыркүйегі аралығында банктердің капиталы мен өтімділігіне қысымды төмендету үшін уақытша пруденциалдық шаралар енгізілді.

Банктер экономикаға 168 миллиард теңге несие берді

«Бұл іс-шаралар қаржы институттарының экономиканы кредиттеу үшін 168 млрд теңге несие беруге  мүмкіндік берді. Қазір банктерде 561 млрд  теңге мөлшерінде резервтік буфер бар, ол бөлінген қаражатпен бірге сыртқы факторлардың экономиканы несиелеуге теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді»,  деп атап өтті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі   Ұлттық Банкпен бірге жүйеде және жеке деңгейлерде жағымсыз күйзелістердің әсеріне банк секторының сезімталдығын бағалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.  Активтердің сапасы мен капиталдың жеткіліктілігінің болжамын қоса алғанда, олардың макро-индикаторларға әсер етуінің стресс-сценарийлері жасалды. «Бұдан басқа, дағдарыстың қаржылық тұрақтылыққа әсерін азайту бойынша шаралар әзірленуде, олар экономикадағы жағдай дамып, ұзақ мерзімді перспективада банктердің қаржылық тұрақтылығын қолдауға бағытталған», деп қорытындылады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.