Анасынан ерте айырылған әкем, Күрішбаев Қажығұлдың балалық шағы өте ауыр болған. Жастайынан жетім қалып, бақташылық еңбектің қиындығы мен бейнетін көп көрген. Бірақ барлық қиыншылықтарға мойымай, ерте жастан бастап оның «оқысам» деген үлкен арманы болды. Осылайша арманы жетелеген әкем 1933 жылы ол Семейдегі автомобильдік жолдар техникумын бітіріп, маман ретінде атақты және Түркісіб (Түркістан-Сібір темір жолы) құрылысына қатысты.
Әлі есімде. Мен туыстарымнан 30-шы жылдардағы аштық уақытында әкемнің елдерге қалай көмектескені туралы талай рет естідім. Аштықтан аман сақтап қалу үшін туыстар мен таныстарға әкем өзіне үкімет өлшеп берген үлес тамағын тасиды екен.
Соғысқа әкем 1942 жылы аттаныпты. Оның білімін ескерген әскери комиссарият бірден техник-лейтенант офицерлік шені беріген. Басқа да соғысқа қатысушылар сияқты әкем де бізге соғыс туралы әңгімелеуді ұнатпайтын. Ол Қазақстанда жасақталған 310-дивизия құрамында Волхов майданында болды. Ленинградты, Ладога көлінде майларға бел шеше араласқан. Сол жерде болған сұрапыл шайқаста жау қоршауында қалып, жау әскерін талқандап қоршау шебін біздің әскер талқандағанға дейін №191 взводты басқарған.
Менің балалық жадымда оның шөлден қажыған сарбаздардың ішерге су таба алмаған әңгімесі қалыпты. Жаңбырдан кейін болған қанды қырғында жан-жақа орнаған көлшік сулар көп болған, бірақ олар барлығы адам қанымен араласып кеткендіктен сарбаздар су іше алмай сан күн қиналыпты... Өлген адам мәйіттері соншалықты көп болғандықтан олардың бетін жасыруға тіпті уақыттары да жетпеген.
Әкем Отан үшін аянбай шабуылға шығатынбыз деп айтатын. Сондай қиын уақытта адамдарды тек темірдей тәртіп қана емес, тың идея да біріктірген. Соғыс уақытында әкемді партия қатарына қабылдапты.
Соғыстың алғашқы жылдарында қатты аштық болған екен. Ол ол ма жаңбыр мен ызғар, үскірік борандарда солдаттар тек сызды окопты паналаған. Кейінірікте әкем сондай жағдайда олардың ешқайсысының суық тиіп ауырмағандығын ерекше таңданыспан еске алып отыратын. Міне, рухы биік адам ағзасының мүмкіндіктері...
Жеңімпаз ұрпақ осындай қайратты болған!
Соғыстан кейін әкем Іле аудандық жол басқармасын басқарды. Алматы және Қарағанды облыстарында автомобильдік жолдар құрылысына қатысты. Тың жерлерді игеруге қатысқан. Кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетін, жоғары партия мектебін бітірді. Аудандық комитетте, Алматы облыстық партия комитетінде, кейін совхоздың парторгы, мектеп директоры қызметтерін атқарды.
Мен өзімнің туған ауылым Шеңгелдідегі әкемнің достары және әріптестерімен кездескен кезде, олар: «Қажекең өте әділ адам еді. Нағыз қазақ интелегенті болды. Ол совхозды, мектепті дамыту үшін көп еңбек етті» деп ыстық естеліктерін айтып отыратын. Әркім әкемнің оларға қалай көмектескенін еске алады. Есімде, әкем, тіпті, жасы ұлғайған шағында ауылдан 150 шақырым қашықтықта орналасқан аудан орталығына ауылдастарының зейнеткерлігін ресімдеуге көмектесу үшін баратын. Неткен үлкен жүрек.
Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін, кейін ерен еңбегі үшін және көптеген ордендермен, медальдармен, республика басшылығының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның есімі біздің туған кенттегі Алматы облысы Іле ауданы Шеңгелді елді мекеніндегі көшелердің біріне берілді.
Менің тау тұлғалы әкем осындай еді! Иманың жолдас болсын, Әке!
Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев