Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Жеңіл өнеркәсіпті дағдарыстан қалай құтқаруға болады?

341 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худованың айтуынша, елімізде осы саланы дамытудың стратегиялық жоспарын құруды қолға алу қажет.

Жеңіл өнеркәсіпті дағдарыстан қалай құтқаруға болады?

«Мимиорики» ЖШС директоры Инна Апенко   қазақстандық брендтерге жойылу қаупі төніп тұрғанын айтты.  Пандемиядан туындаған дағдарыс ең алдымен бөлшек сауда маркаларына әсер етеді, өйткені бөлшек сауда қазір жұмысын тоқтатты.  Оның айтуынша, жеңіл өнеркәсіп тауарларының соңғы бағасында бөлшек сауда алаңын жалға алу құны 30-50% құрайды.

«Сондықтан біз жалдау құнын 50% субсидиялауды сұраймыз. Сауда орталықтары жабылған кезде біз 15 наурыздан 15 маусымға дейін жалдау демалысын сұраймыз, өйткені мамыр айында сауда орталықтары ашылмайтыны анық. Жалдау ақысын осы жылдың соңына дейін субсидиялау қажет»,  деді Инна Апенко.

Сондай-ақ спикер  импортталатын шикізатқа тәуелді екенімізге де тоқталып өтті. Сондықтан сала өкілдері  Қазақстанда өндірілмеген шикізатқа импорттық баж салығын қалпына келтіруді сұрап отыр. Біздің өнімдеріміздің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік беретін фактор сол ғана екен.

4-ші сәуір күні  Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы мәселелерге қатысты Сенатта үкімет сағаты өткізілген болатын. Онда депутаттар жеңіл өнеркәсіп саласы мамандарына көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдік мәселелерін ортаға салды. Жеңіл өнеркәсіп ассоциациясының президенті Любовь Худова Үкімет жеңіл өнеркәсіп саласын 2020 жылдың аяғына дейін салықтан босатылуы тиіс екенін айтып отыр.

«Біз әлемнің барлық саласындағы әлеуметтік бағыттарды ескере отырып, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке қолдау қажет екенін көріп отырмыз. Мысалы, Қырғызстанда пандемияға байланысты жеңіл өнеркәсіп саласы толықтай салықтан босатылған. Беларусь пен Түркияда да солай. Өзбекстанда жеңіл өнеркәсіпті қолдауға көптеген шаралар атқарылуда. Олардың ішінде тіпті, заңға түзету енгізгендері де бар.  Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласында қазіргі таңда 200 мың адам жұмыс істейді. Олардың 90%-ы әйелдер. Олардың арасында көпбалалы, жалғызбасты аналар көп. Ертеңгі күні солар жұмыссыз қалатын болса, елдегі халықтың әлеуметтік жағдайы мүлдем нашарлайды. Біздің Үкімет кәсіпкерлерге осындай қолдау білдіретін болса, бағаны бұрынғыдай сақтап қалуға болады», - дейді Любовь Худова.

Сонымен, жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарының Үкіметке қойып отырған өтініш-талаптары мынандай: Жеңіл және орта кәсіпке 2020 жылдың аяғына дейін салықтық каникул беру. Одан ары қарай салық режимін жеңілдетіп, жалпы айналымнан 3-4% ғана салық ұстап қалу. ҚҚС бойынша кассалық санақ әдісіне өту.  Отандық мектеп оқушылары формасын өндіретін компаниялардан ҚҚС алып тастау.

  1. Ұжымдық салықты шегеру;  Жеңіл өнеркәсіптің тұрақсыздығын ескере отырып,  Ұлттық банктің кілтті төлемінің бағасын төмендету; 
  2. Арнайы киімдер, арнайы аяқ киім мен мектеп формалары сынды жаңа тауар позицияларына баж cалығын енгізу.
  3. Қазіргі таңда Қазақстанда өндірілмейтін шикізат материалдарына салынатын  ҚҚС баж салығын жою.

Сондай-ақ ол еліміздің жеңіл өнеркәсібінің шетелдік шикізатқа тәуелдігі мен мектеп киімін тігу мәселесіне тоқталды.

«Елімізде өндірілмейтін шикізат импортына салынатын баж салығын уақытша алып тастауды сұраймыз. Бұл шара тауар бағасын валюта бағамы өзгергенге дейінгі деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Қазір тұтынушылар бағаның өскенін еш қаламайды. Өйткені соңғы 1-1,5 ай ішінде халықтың қалтасы жұқарды. Үшіншіден, мектеп формасын тігетін кәсіпорындар үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) алып тастау қажет. Мектеп киімі әлеуметтік маңызы бар санатқа жатады. Мектепте форма кию міндетті болғандықтан, оқушы киімін сатып алу әр ата-ананың қалтасына жүк түсіреді. Әсіресе көп балалы отбасыларға қиын. ҚҚС алынып тасталса, мектеп киімінің бағасын 12-15%-ға арзандатуға мүмкіндік болады»,  деді Инна Апенко.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худованың мәліметінше, бүгінгі күні осы саладағы кәсіпорындарында 13 мың адам жұмыс істеуде. Олардың 90%-ы әйелдер.  

2020 жыл елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жатқан 992 мекеме бар. Олардың –  13 ірі, 27 орташа, 952 мекеме кіші бизнес өкілдері.


АЛМАТЫ    

 

Соңғы жаңалықтар