Коронавирус • 07 Мамыр, 2020

Елордада бір отбасының 6 адамы коронавирус жұқтырған

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда карантин режімінің талаптарына немқұрайлы қарағандықтан, бір отбасының (алты адам): ерлі-зайыптылар, бір ай мен 5 жастағы екі бала, екі егде жастағы адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада бір отбасының 6 адамы коронавирус жұқтырған

«Барлық отбасы мүшелерінде коронавирус инфекциясы анықталды. Олар санитарлық нормаларды сақтамай, карантин режимін бұзғандарын айтты. Қазіргі таңда барлығы ем алып жатыр. Барлық тұрғындарды өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын ойлап, жағдайға немқұрайлы қарамауға шақырамыз. Карантиндік шараларды жеңілдету - үйреншікті өмірге қайта оралу емес. Санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет. Маска киіп, қолды сабынмен мұқият жуып/антисептикпен өңдеп, бөлме ауасын желдетіп тұру қажет. Қонақ шақыруға не қонаққа баруға болмайды» деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Соңғы жаңалықтар