Қазақстан • 07 Мамыр, 2020

2 млннан аса қазақстандыққа 42 500 теңге екінші рет берілді

695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 мамырдағы жағдай бойынша 2.1 млн қазақстандық төтенше жағдай режімі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 млннан аса қазақстандыққа 42 500 теңге екінші рет берілді

«Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, «42 500 теңге» төлемге екінші айда үміткер бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, «42 500 теңге» төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды» делінген хабарламада.