23 Қыркүйек, 2013

Қазақ футболының ғасырлық мерекесі (ФОТО)

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

семей-1 1

Өткен сенбі және жексенбі күндері Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы үлкен дүбірге бөленді. Мұнда Қазақстан футболының 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Ал осы тойға дейін облыста көптеген шаралар ұйымдастырылды.Мысалы Шемонаиха ауданында 1000 футбол добы сатып алынып, ауылдық окургтерге тегін таратылды. Семейдегі «Спартак» стадионы күрделі жөндеуден өткізіліп, Өскемендегі «Восток» стадионындағы футбол алаңы жаңғыртылды. Биылғы жылғы ақпан айында Федеративтік Германия Республикасынан «Ярыш» футбол командасының төсбелгісі жеткізілді. Сол кездегі команданың бірінші капитаны Юнус Нигматулиннің құрметіне Шәйжүнісов көшесіндегі 55 үйге мемориалдық тақта орнатылып, Семей көшелерінің біріне «Қазақстан футболына 100-жыл» атауы берілді.

Мереке күндері Семей қаласына Мәскеудің «Спартак», Қазанның «Рубин», Киев пен Тбилисидің «Динамо», Бішкектің «Алға» командаларының ардагерлері келіп, турнир өткізді.

Облыс көлемінде 100 футбол алаңы жаңадан салынды. Тағы 6 футбол алаңы пайдалануға берілмек.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, әлемдік футбол жұлдыздарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жыл басынан бері 2 мыңнан аса бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 300 мыңнан астам тұрғындар тартылды.

Мұрат Айтқожа.

семей-1 2

семей-1 3

семей-1 4

семей-1 5семей-1 6

семей-1 7

семей-1 8

семей-1 9

семей-1 10

семей-1 11

 

Соңғы жаңалықтар