Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардан 150 тонна азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар жиналыпты. Бұл гуманитарлық көмек арнайы бөлінген 6 жүк, 20 «Газель» көлігімен Мақтааралдағы ағайынға жеткізіледі. Қазір автокеруен жолда кетіп барады.
«Екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіземіз. Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты 7 ауданның жастары жинаған 15 миллион теңге Мақтаарал ауданының халқына беріледі. Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге өткереміз. Біз біргеміз» -дейді ұйымдастырушыладың бірі Нұрғиса Ізбасаров.
Сондай-ақ, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету арнайы қор ашылды.