Экономика • 08 Мамыр, 2020

Сарапшылар капиталға тағы бір рақымшылық жасауды ұсынып отыр

370 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Егер Үкімет бұл ұсынысты құп көрсе, бұл кешірім реттік саны бойынша № 5 болып тарихқа енуі мүмкін. Жалпы, біз жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылдың қаңтар айынын бастауымыз керек еді.  Ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы бірқатар шешілмеген мәселелердің болуына байланысты 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданды.  

Сарапшылар капиталға тағы бір рақымшылық жасауды ұсынып отыр

2021 жылғы 1 қаңтардан басталатын бірінші кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары үшін декларациялау белгіленді, өйткені бұл санаттағы азаматтар неғұрлым дайындалған санат болып табылады (олардың 99,7% салық есептілігін электронды түрде ұсынады). Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері және олардың жұбайлары декларациялауды бастайды. Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың башылары, құрылтайшылары мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі. Төртінші кезең 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған санаттағы азаматтар үшін декларациялау енгізіледі.  Қазір 2020 жылдың мамыр айы, уәде етілген жалпыға бірдей декларациялауға жеті айдан аз уақыт қалды.

Отандық және халықаралық сарапшылар Қазақстан билігі жалпыға бірдей   декларациялау жүйесін енгізбес бұрын капиталға тағы бір рақымшылық жасауды ұсынып отыр.  Мұның алдында, 2019 жылы Әлемдік экономика және саясат институты, «ТАЛАП» қолданбалы зерттеу орталығы және Зерттеу және консалтинг орталығы (CRC), сондай-ақ Еуразия аймағындағы Whiteshield Partners бөлімшесі «Макроэкономикалық» капиталға кешірім жасау бағытында сараптамалық   зерттеуін жүргізген. Соның  нәтижесі кеше белгілі болды. «Жалпыға бірдей декларация күшіне енбестен бұрын, Астана халықаралық қаржы орталығының құзыретіндегі  ағылшын құқығы, халықаралық арбитраж, салық жеңілдіктерін қолдана отырып, капиталға тағы бір рақымшылық жасау керек және заңдастырылған активтердің экономиканың инвестициялық қажеттіліктеріне бағытталуын қамтамасыз ету қажет», делінген зерттеуде.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, капиталға кешірім жасау қажеттілік. Біз осы арқылы жалпыға бірдей  декларацияны енгізу қарсаңында  қаржының шетелге жылыстауына жол бермейміз. Соңғы 20 жыл ішінде Қазақстаннан шетелге немесе  оффшорлық аймақтарға жылыстап кеткен қаржы көлемі 140 млрд доллардан асады. Бұл қаржы алтын-валюта резервінен 5 есе (28 миллиард доллар) және Ұлттық қордың активтерінен 2 есе көп.    

Сонымен қатар  сарапшылар  капиталды  заңдастыру көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетеді деп үміттеніп отыр. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі көлеңкелі экономиканың ІЖӨ-дегі үлесі  екенін айтып отыр.

Қазақ үкіметінің экономикалық блогы бұл жолғы акция  акция кезінде қателіктерге жол беруге болмайтынын сезіп-біліп отыр. Себебі алдыңғы науқандардағы шетелге жылыстап кеткен қаржыны көлемін қазіргісімен салыстыруға болмайды.   «Оффшорды бірігіп, бақылайық» деген ұсыныстар алпауыт елдер тарапынан айтыла бастады.

Ал Ұлттық Банктің баспасөз қызметі ұсынған мына деректер көп жайтты аңғартады. Біріншіден, ақшаны екінші деңгейдегі банк шоттарында үш жыл бойы ұстауға болады, бұл ретте сыйақы алып отырады. Екіншіден, ақшаны мерзімнен бұрын пайдалануға ниет білдірген жағдайда, оларды «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің, ұлттық басқарушы холдингтерінің және компаниялардың, даму институттарының мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигациялары мен акцияларын, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу арқылы экономикаға инвестициялауға болады. Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде объектілерді сатып ала алады. Егер ақшасын заңдастыратын азамат осы тетіктерді пайдаланғысы келмесе, онда ол өзінің ақшасына заңдастырылатын ақшаның 10% мөлшеріндегі алымды (сбор) бюджетке төлей отырып, өзінің қалауы бойынша иелік етуге құқылы. Жалпы, заңдастырылатын ақшаны осы көрсетілген тетіктер аркылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау неғұрлым тиімді, себебі алымдар төлеуден босатылады».

Қаржыгер-экономист Ерлан Ибрагим  қазақ капиталының жүз миллиардтап шетел асуы экономикалық тәуелсіздігімізге қатер төндіретінін айтады. Ішкі жалпы өнімі біздің елмен салыстырғанда 10 есе көп Түркияда шетелге кететін қаржы 1 млн доллардан асатын болса, бұл мемлекеттік деңгейде қаралады. АҚШ-тың өзі қазірде жергілікті кәсіпкерлеріне, іскерлеріне бұған қатысты белгілі бір шектеулер енгізіп отыр. Ал  көрші Ресейде үш жылдың ішінде нарыққа дендеп еніп табысты табады, одан кейін барып тапқан табыстарын көк қағазға айналдырып, Ресейге немесе басқа шетел банктеріне салады. «Олар ел экономикасына күдікпен қарағаннан кейін осылай істеп отыр. Табысын шетелге алып кету арқылы олар өзге елдің экономикасын өркендетіп жатқандарын аңғармайды. Сондықтан бұл жерде бізге қажеттісі де осы капиталға амнистия жариялау еді. Бұл үрдіс шетке кеткен қаржыға шектеу қоюуы тиіс. Бұдан былай біз түріктер тәрізді шетке кететін қаржы 1млн доллардан асса дабыл қағуымыз керек» дейді.

Соңғы жаңалықтар