Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Атырау: Бюджет қаржысы неге игерілмейді?

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының бірнеше саласында бюджеттің 3 миллиардтан астам теңгесі игерілмей отыр. Мұның себебі неде? 

Атырау: Бюджет қаржысы неге игерілмейді?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткізген селекторлық мәжілісте белгілі болды.

​– Бюджеттік бағдарлама әкімшілері қаржыландыру жоспарларын нақты жоспарламайды. Алдын ала талдау жасалмайды. Сондай-ақ, мердігерлер де жұмыс кестесін сақтамайды. Атап айтқанда, қаржыны игермеу құрылыс, ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, жұмылдыру дайындығы салаларында тіркеліп отыр, – деді  облыстық  қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Демегенов.

Оның айтуынша, Алмалы ауылының жаңа шағын аудандарына электр желілерін тартуға 305 млн теңге, Атырау қаласының сол жағалауындағы каналицазиялық тазарту қондырғысының құрылысына бөлінген 1​ 293,3 млн теңге, ​ ауыл шаруашылығы басқармасында субсидиялауға байланысты 7,4 млн теңге игерілмей қалған.

Осыған орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаржыны игере алмаған сала басшыларын  сұрақтың  астына алды. Атырау қаласы мен  аудандар әкімдеріне, тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.​

– Бюджет қаржысы сіздердің берген ұсыныстарыңыз бен сұранымдарыңыздың негізінде бөлініп отыр. Сондықтан, қаржыны уақытында әрі тиімді пайдаланып, игеруді тапсырамын. Бюджетті жоспарлаған кезде халықтың барлық қажеттілігін  мейілінше ескеру керек, -деді Махамбет Досмұхамбетов.​

Жыл басынан бері облыстық бюджеттің  кіріс көлемі 167​ млрд 617,4 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде ​ республикалық бюджет трансферттері 25 млрд 262,7 млн теңге болса, кредиттер ​ 4 млрд 597,6 млн теңгеге жетті.