Аймақтар • 08 Мамыр, 2020

Тараз әкімі қарт майдангерге 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы, бүгінде Тараз қаласында 33 Ұлы Отан соғысының ардагері бар екен. Ардагерлердің әрқайсысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған Құттықтау хат пен 1 миллион теңгенің сертификаты және мерекелік сыйлықтар табысталды.

Тараз әкімі қарт майдангерге 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қала тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәліп Ережепбаевтың шаңырағына барып, қарт майдангерді Жеңіс мерекесімен құттықтады. Айтқазы Қарабалаев бүгінде 95 жасқа келіп отырған қарияға   облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың мерекелік ыстық лебізін жеткізіп, лайықты құрмет көрсетті. «Талас ауданынан 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатыстым. Елге оралған соң Талас аудандық «Ленин жолы» газетінде алғаш жауапты хатшы, кейіннен редактор болып қызмет атқардым.

Талас ауданының Құрметті азаматы атандым. «Атақоныс», «Өлеңім – өмірім» және тағы да басқа кітаптарым жарық көрді. Ауданның, облыстың дамуы мен гүлденуіне кезінде өз үлесімді қостым», деген ардагер ақын Мүтәліп Ережепбаев жиналғандарға өзінің жазған өлеңін оқып берді. Сондай-ақ, өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, авторлық кітабын қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа сыйлады.

 

Жамбыл облысы