Әлем • 08 Мамыр, 2020

Өзбекстан өзбектерді елге шақырып жатыр

3774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан түрлі елдердегі қиын жағдайға тап болған 11 мыңға жуық азаматтарын шетелден қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы 7 мамырда президент Шавкат Мирзиёев бейне  конференцияда мәлімдеді.

Өзбекстан өзбектерді елге шақырып жатыр

«Әлемнің көптеген елдерінде Өзбекстан азаматтары қалғанын барлығы біледі. Енді жүйелі негізде, мүмкіндіктерге сүйене отырып, біз оларды қайтаруымыз керек. Біз оларды Ресейден, Түркиядан, Дубайдан және басқа жерлерден қайтара бастадық. Қазір біздің қолдағы деректер бойынша  11 мың өзбекстандық шет елдерде қиындықпен бетпе-бет қалып отыр.  Біз оларды алдымен қайтару үшін барлық шараларды қолданамыз. Келушілер арасында аурудың көптеген жағдайлары тіркелгенін барлығы білуі керек. Осыны ескере отырып, біз өте сақ болуымыз керек»,  деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нұрмат Отабеков күн сайын Өзбекстанға 500-600 шетелден келіп жатқанын, олардың басым көпшілігі  Қазақстан, Қырғызстан және Ауғанстан арқылы келіп жатқанын айтқан. Олардың барлығы елге келген бойда 14 күндік карантинге оқшауланады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2314 адамды құрайды. Кеше вирус 65 азаматта анықталды. Дерттен жазылып шыққандардың саны жалпы саны - 1688. 10 адам осы дерттен қайтыс болды.