«Ұшақпен сапарлауды таңдаған жолаушылар арасынан аурудың жасырын белгілері анықталды. Сондықтан тестілеу шаралары керек деп санаймыз. Кеше бір жағдай тіркелді. Ақылы тестілеу аясында осы аптада 10-ға тарта індет жұқтырған адамды анықтадық. Тәулігіне еліміз бойынша 15 мың тест жасалады. Тестілеу нәтижесінде инфекцияның таралып жатқандығы көрініп отыр», - деді Елжан Біртанов.
Министрдің айтуынша індет жұқтырғандардың 85 пайызы жеңіл және симптомсыз жағдайлар.
«Барша аурулардың жартысына жуығы симптомсыз. Бұл адамдар ауырмайды, өздері емделеді. Алайда олар ауруды басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін», - деді ол.