Руханият • 08 Мамыр, 2020

Saz&soul ансамблі мен Қайрат Баекенов онлайн өнер көрсетеді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Saz&soul вокалдық-аспаптық ансамблі, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Әділжан Толықпаев және Қайрат Баекенов онлайн өнер көрсетеді.

Saz&soul ансамблі мен Қайрат Баекенов онлайн өнер көрсетеді

Концертті кешкі сағат 21:00-де онлайн форматта «Қазақтелеком» АҚ-ның telecomkz YouTube арнасынан көре аласыздар.

Сондай-ақ концерт Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook және Қазақконцерттің @qazaqconcert Youtube парақшаларында қайталанады. Концерт барысында тыңдармандар өнер иелерімен тікелей сұхбаттасып, ой-пікірлерін білдіре алады. 

Соңғы жаңалықтар