Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Павлодар облысында әскерге аттанатын 511 сарбаз дайындалған

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, өткен жылы көктемгі әскерге шақыру кезінде 810, күзде 766 жас жігіт әскерге аттанған.

Павлодар облысында әскерге аттанатын  511 сарбаз дайындалған

Ал әскери дайындықтан жедел өткісі келетіндер 40 күндік ақылы негіздегі қызметті пайдалана алады. Былтыр 240 азамат қысқа мерзімді әскерден өтті. Биыл елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты көктемгі әскерге шақыру өткізілмеді.

Өңірден әскерге аттанатын  511 сарбаз дайындалған. Жалпы өңірде әскерге бару шарасы толық орындалуда.

Төтенше жағдай кезінде дезинфекциялық шараларға өңірдің 100 сарбазы қатысты. Департамент мәліметінше, өңірде ауыл-қала жастарының  көбі  әскер қатарына  баруды  азаматтық борыш, отан алдындағы парызы деп  түсінеді.

Қазіргі жастар  әскер қатарына баруға саналы түрде шешім қабылдайды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қарулы күштер құрамына,  Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық Ұлан қатарында қызмет етуге деген қызығушылықтары, құштарлықтары  басым.

Әскери бөлімдерді аумақтық ерекшелік бойынша жасақтайды. Жасақталған соң сарбаздар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қарулы күштер құрамына,  Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық Ұланға қызмет етуге жіберіледі.

Әскерге шақырылғандар медициналық тексерістен өтеді. Сотталмаған болуы тиіс. Сонымен қатар, әскерге шақырылғанға дейін алған мамандығы ескеріледі.

Ал Қарулы күштер құрамындағы десанттық және арнайы жасақ қызметтеріне баратындардың бойы 180 сантиметрден биік болуы керек. Олар міндетті түрде спортпен шұғылданған, соның ішінде қоян-қолтық ұрыс түрімен айналысқан болуы қажет.

 

 ПАВЛОДАР