Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Қызылорда: Аймақ басшысы ардагерді құттықтады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қызылорда: Аймақ басшысы ардагерді құттықтады

Бөрібай Құлманұлы 1920 жылы 6 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген.  Ржевск пен Волга бойын жаудан азат етуге қатысқан майдангер «Қызыл Жұлдыз» және «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. 

Елге оралғаннан кейін де ардагер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.  

Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ардагерге ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, бейбітшілік пен жарқын болашақты қорғаған қарт сарбазға алғысын айтты. 
Ардагер де өзіне үнемі көрсетіліп отырған қамқорлық мен қолдау үшін  ризашылығын білдірді. 

Өңірдегі 16 ҰОС ардагерінің 8-і Қызылорда қаласында, 1-уі Арал ауданында, 3-уі Қазалы ауданында, 2-уі Сырдария ауданында, 1-уі Шиелі ауданында, 1-уі Жаңақорған ауданында тұрады. 

Бүгін облыстағы барлық майдангерлерді өңір басшысы мен қала, аудан әкімдері құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтауын тапсырды. 

Биыл өңірдегі 16 майдангердің барлығына 1 млн 111 мың теңгеден берілді. Жалпы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге 437 млн теңге бөлінген.