Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік алау акциясы өтті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары Жеңіс мерекесін балконда, шаммен қарсы алды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік алау акциясы өтті

8 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай #Мәңгілікалау #Вечныйогонь ауқымды акциясы өтті. Астаналықтар ұялы телефон шамдарын жағып 22.00-де өз үйлерінің балкондарына шықты.

«Жарқын болашаққа деген сенім біз үшін маңызды екенін жеткізгіміз келді. Акция ардагерлерге арналған. Біз, жас ұрпақ, оларды үлгі тұтамыз және аталарымызға ерліктері үшін, бізге берген бейбіт аспан астында өмір сүру мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз», – деді акцияны ұйымдастырушы Азат Абыкен.

Сондай-ақ қала тұрғындары Ұлы Жеңістің құрметіне патриоттық және әскери әндер орындады («Атамекен», «День Победы», «Катюша»). Астананың көрікті жерлерінде бірлік символы ретінде және соғыс батырларын еске алу үшін мәңгілік алау жағылды.