Экономика • 09 Мамыр, 2020

Сәндік тауарлардың әлемдік сатылымы 50-60% төмендеуі мүмкін

719 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сарапшылар пандемияның қармағына алғашқы болып ілінген сала  «сән-салтанат» нарығы екенін айтып жатыр. Осыған дейін Франциядағы иіс су-парфюмерия нарығы дезинфекция – спрей шығаруға бағытталып, жан сақтап қалғанын айтқан болатын. Ал киім-кешек, зергерлік бұйымдар шығаратын индустрия қазір жағдайдың қай бағытқа ойысарын білмей, іштен тұнып тұр. 

Сәндік тауарлардың әлемдік сатылымы 50-60% төмендеуі мүмкін

Нарықтың тынысы мен адамдардың талғамын үйлестіріп отыратын сән дизайнерлері де қай бағытқа басымдық берерін білмей, қайраңда қалған кеменің күйін кешіп жатыр. 

«Bain & Company консалтингтік компаниясының есебінде коронавирустық пандемия сұранысты төмендететіндіктен, «жеке сән-салтанаттың», соның ішінде киім-кешек, зергерлік бұйымдар, сағаттар мен аксессуарлардың ғаламдық сатылымдары шамамен 50-60 пайызға төмендеуі мүмкін», деп жазады vesti.ru.

COVID-19 таралуын тоқтату үшін елдерге қатаң шектеулер қойылды, көптеген дүкендер жабылды. Осы шаралардың кейбірі қазір жұмсартылғанымен, биыл сәндік тауарлар сатылымы 20-35% -ға, 180-220 млрд еуроға түседі деп күтілуде.

Bain & Company итальяндық «Алтагамма» сәндік тауарлар ассоциациясымен бірлесіп дайындаған баяндамада вирустың екінші толқыны немесе вакцинаны жасау және енгізу мүмкіндігі де айтылып өтті.

Келесі бренд тауарлар шығаратын  «Uber» компаниясы  бірінші тоқсанда 2,9 миллиард доллар шығынға ұшырады.  Компания қызметкерлерінің 14%-ын жұмыстан босатуды шешті - бұл шамамен 3700 адам.

2019 жылы «жеке люкс» нарығындағы сатылым 281 миллиард еуроға бағаланады.  Ал қазір оның деңгейі 150 млрд еуропаға дейін төмендеп кетті.  Сарапшылар 2022 және 2023 жылдар аралығында жоғарыда көрсетілген  деңгейге жетуі мүмкін екенін айтып отыр.  

Қытайлық тұтынушылар нарықты қалпына келтіруде басты рөл атқаратынын сарапшылар айтып жатыр. 2025 жылға қарай «жеке сән-салтанат» нарығы 320-330 миллиард еуроға жетеді, бес жылдан кейін Қытай ғаламдық сән-салтанат шығындарының жартысын алады деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар