«Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау гарнизонының әскери қызметшілері майдангерлер Айдын Айбаров, Құрманбай Досымбетов, Валентина Коноплева, Орынғали Қарасаев, Тұраш Көптілеуов, Әлібек Түсібәлиев және Закария Сұлтановты Жеңіс күнімен құттықтау үшін олардың үйлеріне арнайы барды.
–Соғыс ардагерлері үшін Жеңіс күні –ең маңызды мереке. Солай болып қала береді. Олар үшін Жеңіс күнін ең жарқын, әрі ең қуанышты мерекеге айналдыру – біздің міндетіміз. Биыл майдангерлер үйінің алдында шеру ұйымдастырдық. Біз майдангерлердің бәрімен ұдайы байланыс жасап келеміз. Гарнизонның әскери қызметшілері Отанымызды қорғап, біздің бейбіт өміріміз бен өркендеуіміз үшін жанын аямаған батыр бабаларымыздың ерлігін мақтан тұтады, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицері, майор Ерлан Теміралиев.