Әкім Жеңіс күнінің бүгінгі ұрпақ үшін маңызына тоқталып, майдангерлерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.
Сондай-ақ бүгін аймақ басшының тапсырмасымен облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері Екінші дүниежүзілік соғыстың куәгерлеріне де Мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды.
Жеңіс күні қарсаңында Атырау облысындағы 8 майдангердің әрқайсысына 1 миллион теңгеден бір реттік көмек берілді. Сонымен қатар, наградталған 62 тыл ардагеріне 100 мың теңгеден, наградталмаған 2212 тыл ардагеріне 30 мың теңгеден берілуде. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 81 миллион теңге бөлінген.