Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Шымкент қаласының әкімі Жеңіс күнімен құттықтады

104 рет көрсетілді

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қымбатты шымкенттіктер! Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері!

Баршаңызды қатар келген қос айбынды мереке – 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл екі мереке де отаншылдық пен патриотизмнің, ерлік пен елдіктің, қаһармандық пен бірліктің біртұтас ұғымына айналған айтулы да айдарлы мейрам.

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Тарихтың бетінен өшпестей орын алған бұл жеңіс біздің аталарымыздың, әкелеріміздің, ағаларымыз бен әпкелеріміздің жанымен, қанымен, ерлік рухымен келген ең қастерлі, ең қымбат құндылық. Өйткені фашистік Германияға қарсы екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыс қасірет әкелмеген, қайғы шектірмеген бір де бір шаңырақ жоқ. Қаншама боздақты жер жастандырған, қаншама ошақтың отын сөндірген қан кешу майданда Отан үшін, біздің жарқын, бейбіт болашағымыз үшін майдангер ата-әкелеріміз арын – байрақ, намысын – найза етіп, қаһармандық пен жанқиярлықтың өшпес үлгісін көрсетті. Олар жауға қарсы оқ болып атылды, от болып жанды. Жеңісті жақындатып, қаншама жауынгер майдан даласында мерт болды.

Ал алапат соғыстан елге аман оралған ардагерлер бейбіт өмірде де өскелең ұрпаққа ерлік пен еңбектің өнегелі өрісін танытып, адал қызмет етті. Сол ардақты ардагерлеріміздің қатары бүгінде сиреді. Бірақ оларға деген құрмет пен тағзым ешқашан аласармақ емес. Бұл ерлік, бұл жеңіс тарихтың алтын әріппен жазылған парағы болып қала береді. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қайсарлық пен қаһармандықты, ер жүректілік пен елді сүйе білуді үлгі етіп, бойларына сіңіреді.

Қадірлі майдангер ардагерлер, құрметті тыл ардагерлері!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Біз сіздердің алдарыңызда жанкешті ерліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз үшін басымызды иіп, тағзым етеміз. Өйткені бүгінгі жеткен тәуелсіздігіміз бен шыққан тұғырымыз осы сіздер әкелген Жеңістің жемісі.

Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, жұртымыз аман болсын! Тәуелсіз еліміздің көкбайрағы биіктей берсін!», - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар