Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Алматы маңында жер сілкінді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 9 мамыр сағат 21-36-де жер сілкінісін тіркеді.

Алматы маңында жер сілкінді

«Зілзаланың ошағы Алматы қаласының оңтүстігіне қарай 291 км қашықтықта Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық қуаты 12.8. Магнитудасы MPV 4.9. Тереңдігі 5 км. Алматыда сезілу деңгейі 2-3 балл болды»,-деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Полиция департаментінің Жедел әрекет ету орталығының мәліметтерінше, полиция қызметкерлері өздеріне берілген бөліктерді патрульдеу барысында ешқандай күдікті әрекеттерді байқамаған. Тұрғындардан «112» және «101» нөмірлеріне ешкім қоңырау шалмаған. «Қазселденқорғау» қызметкерлерінің хабарлауынша, гиротехникалық құрылғыладан бұзылу, шөгу, жарылу сияқты өзге де төтенше жағдайлар байқалмаған. Өзен сағаларында судың лайлану деңгейі де қалыпты деңгейде өтіп жатыр.