Фильм миллиондаған кеңестік адамдар қатысқан эпикалық шайқастар аясындағы адамның тағдыры туралы әңгімелейді. Картинаның түсірілімі Нұр-сұлтан, Алматы қалалары және Нүркен Әбдіровтің туған жері Қарағанды облысында өтті. Әсіресе, Қарағандыдағы облыстық мемлекеттік мұрағат қорында сақталған материалдарды зерделеуге баса назар аударылды.
– Ұлы Отан соғысы жылдары – халқымыздың жеңісі мен қайғылы кезеңі. Өлім, қайғы, қасірет пен үмітсіз қараңғылық майдан даласын шарлап, аспанды жауып тұрды. Бірақ өздеріңіз білетіндей, қараңғыда жұлдыздар ерекше жарқырайды. Қазақ жері осындай көптеген жұлдызды, Кеңес Одағының болашақ батырларын дүниеге әкелді. Соның бірегейі – Нүркен Әбдіров. Батырдың өнегелі өмірі келешек ұрпаққа тағылым болуы тиіс, – деді фильм режиссері Алексей Каменский.