Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Сыр жұртынан Мақтааралға көмек: Алпыс сегіз тонна гуманитарлық көмек жіберілді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасы жанынан құрылған Мақтарал тұрғындарына көмек орталығына жұрттың жәрдемі үздіксіз келіп түсіп жатыр.

Сыр жұртынан Мақтааралға көмек: Алпыс сегіз тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен 6 және 9 мамыр күндері «Сыр жұртынан Мақтаралға көмек» ұранымен Түркістан облысына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жеткізілген болатын.

Енді Қармақшы, Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарынан жиналған жиырма төрт тонна азық түлік,
2 тонна жем, 2 тонна киім-кешек тиелген 13 автокөлік жолға шықты.

Жалпы 6 мамырдан бастап сырбойылықтар Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберді.