Қазақстан • 11 Мамыр, 2020

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 11 мамырға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Атырау, Қарағанды, Қостанай және Шымкенте қалаларында күтіледі. Ал өзге қалаларда метеоахуал қалыпты болады.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар