Коронавирус • 11 Мамыр, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Ресей вирус көп тараған АҚШ пен Испаниядан кейінгі үшінші елге айналды

458 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 187 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

11 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 4 101 699, өлім саны - 282 709, айыққандар саны - 1 408 980 адам болды (жаңартылған уақыты 10:05).

17:35

Ресей вирус көп тараған АҚШ пен Испаниядан кейінгі үшінші елге айналды

Ресейде вирус жұқтырғандар саны 221 344 адамға жетті. Бүгін елде вирус жұқтырудың жаңа 11 656 дерегі тіркелген. Бүгін таңертең ғана коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бесінші орында тұрған Ресей бір күнде үшінші орынға орналасты.
 
Барлығы 39 801 науқас емделіп шыққан, ал 2 009 адам қайтыс болды. 
 
АҚШ, Испания, Ресейден кейін вирус көп тараған елдер Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Бразилия, Түркия, Иран және Қытай болып тұр.
 
,,  
 

11:02

Ухан наурыз айынан бері ең жоғары көрсеткішті тіркеді

Індеттің ошағы болған Қытайдың Ухан қаласы 11 наурыздан бері болмаған ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Елде жалпы жаңа 17 жағдай тіркелсе, оның бесеуі Уханда анықталған.

Анықталған 7 науқас шетелден келген. Ел ішіндегі бес адам вирусты Ресеймен шекаралас елдімекенде жұқтырған. 

Қытайда жалпы 84 010 адамның вирус жұқтырғаны белгілі. Олардың ішінде 79 167 науқас айыққан, ал 4 637 адам қайтыс болды.  

Қазір елде вирус жұқтырғандарды анықтағанда ауру белгілері бар науқастармен қатар симптомсыз науқастар санын бөлек есептеп жатыр.

 d


10:25

Германияда 357 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Елде жаңа анықтылған 357 жағдайды қосқанда вирус жұқтырғандар саны 169 575 адамға жетті. Ал соңғы тәулікте 22 адам, барлығы 7 417 науқас қайтыс болған.

Германия - Еуропада карантин режимдерін жеңілдеткен алғашқы елдердің бірі. Өткен апта соңында мыңдаған ел тұрғыны карантинді толығымен алып тастау туралы талаптарын алға тартқан еді. Алайда қатаң шаралар бәсеңдегенде вирус жұқтырғандар көбейіп барады. Қазір Германияда дүкендер ашық, оқушылар мектепке қайта бара алады, футбол ойындарын өткізуге де рұқсат берілді.

 в


10:11

Ресей вирус ең көп тараған бестікке қосылды

Елде коронавирус жұқтырудың жаңа 11 012 жағдайы тіркелді. Қазір Ресейде барлығы 209 688 адам індет жұқтырған. Олардың ішінде 34 306 науқас жазылып шықса, 1 915 адам қайтыс болды.

Жалпы вирус жұқтырғандарды анықтау үшін 5,4 млн тест жасалған.

в