Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Солтүстік Қазақстанда вирус жұқтырған 2 адам Ресейден келген

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Солтүстік Қазақстанда вирус жұқтырған 2 адам туралы мәлімет берді.

Солтүстік Қазақстанда вирус жұқтырған 2 адам Ресейден келген

Вирусты жұқтырғандар Қазақстанның 23 және 19 жастағы  азаматтары, олар Ресейдің Түмен қаласынан Мамлют ауданының жаңа-жол бекеті арқылы СҚО-ға келген. Келген соң COVID-19-ға тексеріліп, Мамлютка қаласының карантиндік стационарына оқшауланды.

Зертханалық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін вирус жұқтырғандар Бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жеткізілді. Клиникалық белгілері жоқ.

Байланыстағы адамдардың саны анықталуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

11 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында 36 COVID-19 жағдайы тіркелген, оның ішінде бір жұқтырған адам Көкшетау қаласынан.