Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Студенттерге арналған 10 күндік саяси мектеп аяқталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасы студенттерге арнап ұйымдастырған он күндік көктемгі онлайн мектеп аяқталды. 

Студенттерге арналған 10 күндік саяси мектеп аяқталды

1-10 мамыр аралығында, мереке күндеріндегі демалыстарға қарамастан, онлайн-мектеп қатысушыларына Қазақстан, Беларусь, Түркия республикаларынан саясаттану, әлеуметтану, журналистика, тарих салаларында қызмет етіп жүрген беделді мамандар, ғалымдар шеберлік сыныптарын өткізді. Қонақтар қатарында Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек, саяси журналист, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Олжас Беркінбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының депутаты Павел Жданович, «Aiqyn» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғара, Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская, Atameken Business арнасының халықаралық жаңалықтарына жауапты редакторы Әлия Текенова, Түркия Республикасы Коджаэли университеті Саясаттану және қоғамдық ғылымдар кафедрасының доценті Хасан Язиджи және өзгелер болды.

Әлемнің әр түкпірінен 500-ден астам қатысушы көктемгі онлайн-мектептің вебинарларында білім алды. Олардың қатарында студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, профессорлар және саясаттануға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары да бар.

Вебинарлардың жазбалары саясаттану кафедрасының YouTube-арнасында жарияланған, ал толық ақпарат кафедраның Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде көрсетілген. Барлық қатысушыларға электронды сертификат табысталды.