Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі екі метрге жуық төмендеді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі орта есеппен 175 см-ге төмендеді. Өргебаста үш тәулік ішінде су 1 м. 67 см-ге, Фирдоусиде – 1 м. 55 см-ге төмендеген. Бұл туралы «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының Мемлекеттік техникалық қызметі департаментінің бастығы Денис Коновалов мәлімдеді.

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі екі метрге жуық төмендеді

Су сору үшін «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының техникалары жұмылдырылған. Түркістан облысы ТЖД мен Қазақстанның өзге аймақтарынан да мобильді топтар тартылды.

Қазіргі таңда аталған ауылдарда қызу жұмыс жүріп, нәтижесінде су деңгейі орта есеппен 175 см-ге азайды.

Мақтаарал ауданының елді мекендерін құрғату жұмыстары Қазақстан ІІМ, "Қазсушар" РМК және Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері мен арнайы техникаларымен жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Жетісай ауданы, Қоғалы ауылының жанындағы автомобиль жолының бойында нығайту жұмыстары жүргізілді.

Нұрлыжол, Фирдоуси, Оргебас, Ырысты, Жантақсай елді мекендерінің аумағында 85982 қап төселіп, ұзындығы 22 шқ. құрайтын құм салынған уақытша бөгеттер салынды. 80 бірлік техника жұмылдырылды. 3 коллектор салынды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1635 адам, 297 бірлік техника, 17 қайық, 217 мотопомпа жұмылдырылды.