Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың халық арасында коронавирустық  инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысында айтылған.

Бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуы керек. Сондай-ақ сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салынады. Діни объектілердің қызметі әзірге жұмыс істемейді.

Эпидемияға қарсы режим талаптарының жұмыс режимінің сақталуына мониторингті және әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізуі қажет. Әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушылар ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуі тиіс.

Сондай-ақ қоғамдық орындарға, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына және басқа да объектілерге санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.