Коронавирус • 11 Мамыр, 2020

Коронавирустың бітер мерзімі белгісіз: Сингапур ғалымдары болжамын жоққа шығарды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапур ғалымдары COVID-19 пандемиясының аяқталар уақыты туралы болжамдарын жоққа шығарды.

Коронавирустың бітер мерзімі белгісіз: Сингапур ғалымдары болжамын жоққа шығарды

Бұған дейін нақты тұжырымдар жасаған Сингапур Технологиялар және Дизайн университетінің ғалымдары коронавирустың аяқталуы туралы болжамдарының әр түрлі жағдайға байланысты өзгертетінін мәлімдеді. Олар сайттан барлық сызбаларды алып тастап, басқа зерттеу орталықтарының модельдерін көруді ұсынды.

Мамандар 131 елдің деректерін зерттеген. Болжау жасау үшін SIR моделін қолданған.  Бұл - инфекцияның таралуының математикалық моделі. Ол аурудың динамикасын сипаттайды. Зерттеу авторлары кез келген болжамға сақтықпен қарау керек дейді.

«Алдыңғы болжамдар бұдан былай жарамсыз, өйткені әлемдегі жағдай құбылмалы» делінген COVID-тің жағдайын бақылауға арналған университеттің есебінде.

Cоңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде 4,1 миллионнан астам инфекция жұқтырған, 282 мыңнан астам адам қайтыс болған.